Педагогтар шеберханасы

Рассмотренных обращений: 8
Не рассмотренных обращений: 0

1 место в Президентской олимпиаде
Автор: Консолхан А.К.

Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу өнерінде шығармашылық қабілеттерін дамыту технологиясы

Баланың шығармашылық қабілетін дамыту мәселесін талдау ең алдымен «қабілет» ұғымының мәнін түсініп алуды қажет етеді. Философияда «қабілеттерді» тұлғаның белгілі бір әрекетті орындауға жағдай жасайтын жеке ерекшеліктері дей келе, олар қоғамдық – тарихи іс – әрекеттердің нәтижесінде қалыптасып, әрі қарай дамып отыратындығын атап көрсеткен.

«Шығармашылық» деген сөздің төркіні, этимологиялық «шығару», «ойлап табу» дегенді білдіреді. Демек жаңа нәрсе ойлап табу, сол арқылы жетістікке жету деп түсіну керек. Философиялық сөздік: «...шығармашылық – қайталанбайтын, тарихи қоғамдық мәні бар, жоғары сападағы жаңалық ашатын іс – әрекет, - деп түсіндіріледі. Көрнекті психолог Л. С. Выготский «шығармашылық» деп жаңадан ашатын әрекетті атаған. Ал осы мәселені терең зерттеген психологтардың бірі Я. А. Пономарев оны «даму» ұғымымен қатар қояды. Өйткені жаңалық, әсіресе интеллектуалдық тұрғыда болса, ол баланың психикасын жаңа сапалық деңгейге көтереді де есептейді. Бұл пікір бүгінгі күні педагогиканың талаптарына сәйкес келуімен көңілге қонымды. Қазіргі жағдайда мемлекеттердің даму деңгейі табиғи ресурстардың байлығымен ғана емес, сонымен қатаринтеллектуалдық және шығармашылық әлеуметімен, ғылым мен өндірісте жаңа технологияларды игеру мен енгізу табыстарымен анықталады. Осылай баланы үздіксіз бақылау барысында өзіндік жұмыстар жасай бастайды. 2 – 3 жас аралығындағы сурет салуға деген қызығушылық туады. Шығармашылықпен жұмыс жасау тәрбиелеу барысындаөзін қоршаған ортамен байланыстыра бейнелеуді тапсыру керек. Мысалы: (сен не салдың?) деп баланы ойға салу керек. Осы іс – әрекет барысында қоршаған айналамен танысу ұғыну үшін, салынған бейнені бала шығармашыл қиялмен жетілдіре салу барысында қойылған сұрақ алғашында бұл сұраққа бала үндемей жауап қайтармауы мүмкін. Бұл ұғынысты нәрсе. Бала мақсат қоя алмаған. Бұл уақытта асықпаған дұрыс. Мектеп қабырғасының бастауыш буынына қарағанда балабақша жасындағы балалардың зейіні тұрақсыз. Осыны ескеріп балаға (бұл қандай үй? Үйге ұқсамайды) деп айтуға асықпау тиіс. Бала тез айнып қалуы мүмкін. Осы тұрғыда жұмысты үзбей шығармашылық жұмыс жасау барысында, бала нені және қалай ұнататынын түсіне бастайды. Балабақшадағы балалардың қабілеттері екі түрлі әрекетте дамиды. Біріншіде, кез келген бала оқу әрекетінде адамзат баласының осы кезге дейін жинақталған тәжірибесін меңгерсе, екіншіден, кез келген бала шығармашылық әрекеттер орындау арқылы өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады. Оқу әрекетінен шығармашылық әрекеттіңайырмашылығы – ол баланың өзін – өзі қалыптастыруына өз идеясын жүзеге асыруына бағытталған жаңа әдіс – тәсілдерді іздейді. Проблеманы өзінше, жаңаша шешуге талпыныс жасайды. Бүгінгі күні балабақша балалары кез келген шығармашылық тапсырмалар шешуді табыспен меңгере алады. Тек ол жұмысқа дұрыс басшылық, шебер ұйымдастырушылық керек.

Шығармашылық – бұл адамның өмір шындығында өзін – өзі тануға ұмтылуға, іздену. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу, оның рухани күшін нығайтып, өмірден өз орнын табуға көмектеседі. Өйткені адам туынды ғана емес, жаратушы да. Баланың шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдарын, құралдарын анықтау психология мен педагогика ғылымдарына өте ертеден зерттеліп келеді. Шығармашылық әлемдік мәдениеттің барлық дәуіріндегі ойшылардың назарына болғандығын байқауға болады. Бұл әрекеттер өзінің логикалық шегіне жеткен деп айтуға болмайды. Сондықтан, шығармашылық педагогикасының негізгі сақсаты – бүгінгі күнгі талаптарынан туындаған, озық қоғамға лайықты жаңа сана, рухани сапа қалыптастыру және тың жолдар мен соны шешімдер іздестіру болып табылады.

Жаңа «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты оқу жүктемесіне 5 білім саласының мазмұны кіреді: «Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеуметтік орта».

«Шығармашылық» білім беру саласының мақсаты:

-      мектеп жасына дейінгі балалардың сезімдік –эмоционалдық ортасы мен эстетикалық талғамын қалыптастыру, шығармашылық ойлау мәдениеті мен елестетуін дамыту.

«Шығармашылық» білім саласының базалық мазмұны:

-          сурет салу;

-          мүсіндеу;

-          жапсыру;

-          музыка.

Ерте және мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс істейтін педагогтарға қойылатын жалпы талаптар:

-          эстетикалық талғамы бар, оны балаларға қабілетті;

-          педагогикалық процесті Қазақстан Республикасы халықтарының этномәдени негізінде құрады;

-          өзінің шығармашылық қабілетін қандай да бір іс – әрекет аясында көрсетеді;

-          әр баланың шығармашылық әлеуетін оның өсуі үшін пайдаланады.

Отбасы тәрбиесін ұйымдастыруға қойылатын жалпы талаптар:

-       баланың өзінің шығармашылық ойын еркін білдіруге мүмкіндік беру;

-          баланы нәтижелі, бейнелеу іс – әрекеттеріне жағдай жасау;

-          баланың қызығушылығын, бейімделігін зерттеу және оларды дамытуға ынталандыру;

-          табиғат құбылыстарын бақылау, эстетикалық талғамы мен өнер туындыларына қызығушылығын тәрбиелеу;

-          қазақ және басқа да халықтардың әдеби, музыкалық және халық ауыз әдебиеті шығармаларын тыңдау;

-          жетістікке жету жағдайын жасау; баланың қабілеті мен бейімін зерделей отырып, шығармашылық өсуі үшін мүмкіндіктер жасау.


Просмотров: 3672
Дата создания: 23.02.2012
Дата редактирования: 23.02.2012

Интернет-ресурстың интерфейс тілін таңдап алыңыз

Выберите язык интерфейса Интернет-ресурса

Select the interface language of an Internet-resource




Интернет-ресурстың контент тілін таңдап алыңыз

Выберите язык содержимого Интернет-ресурса

Select the content language of the Internet-resource